Түркістандық соғыс ардагерлеріне млн теңгеден беріледі

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысында екінші дүниежүзілік соғысына қатысқан 40 адрагерге материалдық көмек ретінде миллион теңгеден беріледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сондай-ақ, ардагерлерге тұрғын үймен қамтамасыз ету және баспаналарын жөндеп беру мәселелері де қарастырылуда.

Облыс әкімдігінің мәліметінше, өңірде соғыс ардагерлері мен оларға теңестірілгендер саны 8293 адамды құрайды. Бұдан бөлек, 7997 адам тыл еңбеккерлері ретінде есепке алынған. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі және ҚР Қаржы министрлігінің ұйғарымымен аймақтағы қаза болған жауынгерлердің жесірлеріне 30 мың теңгеденберілмек. Ал, блокадалық Ленинградтың тұрғыны мен концлагерьлердің бұрынғы тұтқынына 60 мың теңгеден қаржылай көмек беру жөнінде шешім қабылдаған. Бұл азаматтарға берілетін қаржының жалпы сомасы 40 247,8 млн теңгені құрап отыр. Мәселен, Төлеби ауданы бойынша тұрғын үй кезегінде тұрған Ұлы Отан соғысының ардагері Р. Жұмағұловқа ағымдағы жылдың 7 ақпанында жергілікті бюджет есебінен тұрғын үй берілген болатын.


Соңғы жаңалықтар