Түркістандық соғыс ардагері таңсәріден дауыс беруге келді

None
СОЗАҚ. ҚазАқпарат – Түркістан облысының Созақ ауданында майдангер алғашқылардың бірі болып дауыс берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат өңір әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Түркістан облысының Созақ ауданында Екінші дүние жүзілік соғыс ардагері Мырзахмет Жылысбаев алғашқылардың бірі болып Сызған ауыл округіндегі №701 сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауын жасады.

Саналы ғұмырын ауданның дамуына арнап, елге қызмет еткен майдангер бүгінгі маңызды саяси науқан жоғары деңгейде әрі әділ өтуін тілеп, бата берді.

«Ел болашағы үшін әрбір азаматтың дауысы маңызды. Сондықтан мен де жасым 90-нан асқаныма қарамастан, таңсәріден келіп өз таңдауымды жасап, саяси науқаннан шет қалмадым. Қашанда еліміз аман, бейбітшілік заман болсын»,– деп ізгі ақ тілегін жеткізді.

Сондай-ақ қария сайлау комиссиясының жұмысына табыс тіледі.

Айта кетейік, бүгін елімізде Парламент Мәжілісінің және жергілікті мәслихаттар депутаттарын кезектен тыс сайлау өтіп жатыр.
Соңғы жаңалықтар