Түркістандық шаруалар қой жүнін өртеп, терісін қоқысқа тастауға мәжбүр

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістандық шаруалар қой жүнін өртеп, терісін қоқысқа тастауға мәжбүр. Бұл туралы Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғаринмен кездескен бизнес өкілдері айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кездесуде түркістандық шаруалар атынан сөз алған Бағлан Мұсабеков көпшілікті толғандырған мәселені сөз етті.

«Статитстика бойынша өңірде мал бордақылаумен айналысатын 22 ірі қара шаруашылығы бар. Олардың өзіннен жылына 500 000 тоннаға жуық тері алынады. Ал, жекелеп сойылып жатқандары одан да көп. Бізде кедендік салық 200 евроны құрайды. Сол сома 100 евроға дейін түсірілсе деген ұсынысымыз бар. Себебі, біз төрт түліктің терісі мен жүнін шет елге шығара алмай отырмыз. Сондықтан, жүнді өртеп, теріні қоқысқа тастауға мәжбүрміз» - деді ол.

Министр мәселені тексеру жөнінде сала мамандарына нақты тапсырмалар берді. Тері мен жүн өңдеу үлкен сала екендігін жеткізіп, алдағы уақытта аталған мәселені шешу бойынша жұмыс жүргізілетіндігін айтты.

Айта кетейік, бүгін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин Түркістан облысының тұрғындарымен кездесті.


Соңғы жаңалықтар