Түркістандық полицейлер спорт түрлерінен жарыс ұйымдастырды

None
None
ЖЕТІСАЙ. ҚазАқпарат - Түркістан облысының полицейлері мереке қарсаңында спорт түрлерінен жарыс ұйымдастырды. Жетісай қаласында «Қазақстан полициясы күні» мен полиция полковнигі Әбдіғаппар Серікбаевты еске алуға арналған жарыста тәртіп сақшылары волейболдан және шағын футболдан бақ сынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Спорттық шараға Түркістан облыстық полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Қайрат Дәлбеков пен аудан әкімі, марқұмның жұбайы мен ұл-қыздары, облыс бойынша жинақталған командалар қатысты.

Салауатты өмір салтын насихаттайтын жарысқа Жетісай, Сарыағаш, Мақтаарал, Түлкібас аудандарының полицейлері мен Жетісай аудандық сотының, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, аудандық прокуратураның, білім бөлімінің және аудан студенттерінен құралған командалар бақ сынасты. Екі күнге созылған жарыста футбол ойынына 6 команда қатысып, озық ойын үлгісін көрсетті. Нәтижесінде бірінші орынға Жетісай ауданы Асық ата кентінің полиция бөлімшесінің сақшылары ие болды.

null

Ал, волейбол бойынша барлығы 9 команда қатысып, спорттық ойын тартысты да қызықты өтті. Көрермендер қолдау білдіріп, спортшылардың шабытты ойынымен қыза түскен жарыста 3 команда ақтық сынға шықты. Қауіпті қызмет пен жааупкершілігі мол салада жүрген тәртіп сақшылары өздерінің спортқа деген құлшыныстарын көрсетіп, нәтижесінде арнайы әзірленген кубок пен бірінші орынды Жетісай АПБ командасы жеңіп алды. Барлық жеңімпаздарға арнайы кубоктар мен грамоталар табысталды.

Сайыста бақ сынаған командалардың ішінен үздік шыққан ойыншыларға да арнайы алғыс хаттар үлестірілді.

null null

Соңғы жаңалықтар