Түркістандық полицейлер өзіне қол жұмсамақ болған келіншекті райынан қайтарды

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысы, Жетісай қаласында өзіне қол жұмсамақ болған жас келіншекті полицейлер құтқарып қалды. Аудан тұрғыны суицидке баруына отбасылық жағдайы итермелегенін айтқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жетісай аудандық полиция бөліміне жолай өтіп бара жатқан жүргінші хабарласып, бейтаныс келіншектің көпірде суицид жасауға бекінгені туралы хабарлаған.

«Оқиға орнына бірден патруль полициясының автоэкипажы жөнелтілді. Олар көпірден секіру арқылы өзіне қол жұмсамақ болған жас келіншекті көріп, уақытты көп созбай іске кірісті. Жол-патруль полиция қызметкерлері - аға сержант Е.Бердібеков пен сержант Т.Бейсенбаев шапшаңдық танытып, жалма-жан келіншекке көмекке ұмтылды. Сөйтіп оны суицидтен құтқарды» делінген хабарламада.null

Келіншек Жетісай ауданының тұрғыны болып шықты. Өзінің айтуынша, оны суицидке отбасылық жағдайы итермелеген. Полицейлер келіншекпен әңгімелесіп, көмек қолын созған соң, оны туған-туыстарына табыстады.

Өз кезегінде жас келіншектің туыстары Жетісай аудандық полиция бөлімінің басшылығы мен қызметкерлеріне кәсіби біліктілік пен қырағылық танытқаны үшін алғыс айтты.

Соңғы жаңалықтар