Түркістандық полицейлер көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға көмек көрсетті

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысының полицейлері қиын да қауіпті күнделікті жұмысынан бөлек, қайырымдылық жасауды да ұмытпады. Тәртіп сақшылары төтенше жағдай кезінде тұрмыстық қиындықтарға тап болған көпбалалы, аз қамтылған, мүмкіндігі шектеулі балалары бар отбасыларына қолдау көрсетіп, демеушілік жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық полиция департаменті басшылығының қолдауымен және «Біз біргеміз» акциясы аясында қаладағы көпбалалы және әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларына бірінші кезекте керекті азық-түліктер таратылды. Барлық қажетті заттарды департамент бастығының орынбасары полиция полковнигі А.Қалдарбеков пен Анықтау басқармасының қызметкерлерінен құрылған арнайы топ жеткізіп берді.

«Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету - басты міндетіміз болса, жұртшылыққа барлық жағынан жанашыр болу - парыз деп есептейміз. Қажет болса, азық-түлік, киім-кешекпен, қаржылай көмектесеміз. Алдағы уақытта бұл бағыттағы жұмыс жалғасын табады», – дейді полицейлер.

Өз кезегінде жәрдемге ие болған аналар полицейлерге ризашылығын білдіріп, қызметте табыс тіледі.


Соңғы жаңалықтар