Түркістандық полицейлер 29 жылдан бері елге қайта алмай жүрген азаматқа қол ұшын созды

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түлкібас АПБ-не жергілікті тұрғын әйел арызданған. Оның айтуынша, Әзербайжан Республикасына 1991 жылы жұмыс бабымен барған інісі Шимшилов Ислам жеке басын анықтайтын құжатын жоғалтып алғандықтан елге қайта алмай жүрген, деп хабарлайды ҚазАқпаратТүркістан облысы ПД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аталған жайтты түлкібастық көші-қон полицейлері бірден тіркеуге алады. Көші-қондық тәртіп сақшылары Әзербайжан еліндегі ҚР-ның елшілігімен хат алмасып, азаматтың құжаттарын мұрағаттардан алып мәліметтер жинақтады. Түлкібастық көші-қон полицейлерінің тыңғылықты жұмыстарының арқасында ол елге оралды. Сонымен қатар тәртіп сақшылары азаматқа ҚР-ның азаматы екенін анықтайтын жаңа төлқұжат алып берді.

Інісімен қауышқан әпкесі көзіне жас алып, Түлкібас ауданы көші-қон басшылары мен қызметкерлеріне өз алғысын білдірді.



Соңғы жаңалықтар