Түркістандық өнерпаздар Анкарада өнер көрсетті

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - ТҮРКСОЙ Халықаралық ұйымының ұйымдастыруымен Түркістан облысының өнерпаздары Түркияның Анкара қаласында өнер көрсетті. Мәдени шарада елімізге танымал композиторлардың шығармалары орындалып, қасиетті қара домбырамен дәстүрлі әндер шырқалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық мәдениет басқармасына сілтеме жасап.

Анадолы елінде өткен мерекелік шарада Түркия Президентінің бас кеңесшісі Ялчын Топчу сөз сөйлеп, шетелдік қонақтарға ризашылығын білдірді.

«Қазақ халқына месхет түріктері және жеке өзімнің атымнан мың да бір алғыс айтамын. Бұдан кейінгі жылдарда шартарапта өмір сүретін месхет түріктері Қазақстандағы 130 ұлт өкілімен қазақ халқына алғысын айту үшін бас қосуына тілектеспін»,-деді Ялчын Топчу.

Шарада сондай-ақ Қазақстанның Түркиядағы Елшісі Абзал Сапарбекұлы да сөз сөйлеп, екі ел арасындағы татулық жайын сөз етті.

«Қазіргі таңда Түркияда 20 мыңнан астам қандасымыз өмір сүріп жатыр. 1930 жылдары көшкен отандастарымыз бүгінде елдің әлеуметтік, саяси және экономикалық өмірінде маңызды рөл атқарып отыр. Қазақ халқына қамқор бола білген түрік халқына алғысым шексіз»,-деді Абзал Сапарбекұлы.

null null null null

Соңғы жаңалықтар