Түркістандық құрылысшыларға еңбек заңнамасының талаптары түсіндірілді

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан қаласында құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатқан компанияларда Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының талаптары бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Кездесу барысында облыстық еңбек инспекциясының басшылығы жұмысшылар тарапынан қойылған сұрақтарға толыққанды жауап берді.
Кездесуге жаңа әкімшілік-іскерлік орталығында басқармалар мен департаменттер ғимаратын және орталық стадионды салып жатқан «BI Construction Turkestan» ЖШС, оқушылар сарайының құрылысын жүргізіп жатқан «Құлагер» ЖШС және бассейні бар спорт сарайын салып жатқан «Bazis Construction» ЖШС басшылары мен жұмысшылары қатысты.
Еңбек инспекциясының басшылары құрылысшыларға еңбек шартын жасасу мен өзгерту және толықтыру тәртібін, жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы мен ауысымдық жұмыс, түнгі уақыттағы және үстеме жұмыс пен жалақы төлеудің мерзімдері, лауазымдарды қоса атқарғаны үшін қосымша ақы төлеу туралы мәселелерді айтты.
Сондай-ақ, жұмыс берушінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы құқықтары мен міндеттері (нұсқаулықтан өткізу, арнайы құжаттармен қамтамасыз ету, еңбекті қорғау бойынша оқыту және білімін тексеруден өткізу, арнайы киімдер беру, жұмыскерлерді жазатайым оқиғадан сақтандыру, профилактикалық шаралар жүргізу) нақты мысалдар келтіре отырып түсіндірілді.
Құрылыс мекемелерінің жұмысшыларымен еңбек заңнамасының талаптары бойынша түсіндіру жұмысын жүргізу басқарма тарапынан жалғасын таппақ.
- Талғат Қалиев: 30 пайыздық квотамен жастардың саяси істерге араласу деңгейі көтерілді
- Марат Бәшімов: Сот кадрларын іріктеу ісін әлі де жетілдіру керек
- Карантин талаптарын бұзу деректерінің жартысынан көбі Түркістан облысында тіркелген
- Тоңазытқышта өлген сәби: Атырауда перзентхана дәрігерлеріне сот үкімі шықты
-
Биыл Атырауда 648 отбасы жаңа пәтер алады
-
Мектептегі «бомба»: Ақтөбе полициясы 600-ден астам адамды эвакуациялады
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам