+7 (701) 759 90 19
USD 385.55 EUR 426.57
RUB 6.05 CNY 54.77
Jańalyqtar

Түркістандық кәсіпкерлер медсақтандыру жүйесін енгізу тәртібімен танысты

2019 жылғы 31 қазан 00:56
Бөлісіңіз:
Түркістандық кәсіпкерлер медсақтандыру жүйесін енгізу тәртібімен танысты

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысы бойынша кәсіпкерлік палатасында «Жеке кәсіпкерлер МӘМС-ке қанша жарна төлейді?» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Басқосуда «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Түркістан облысы бойынша филиалының директоры Асхат Бейсенбаев Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің артықшылықтарын кеңінен түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Алматылықтар медициналық сақтандыру қорына 47,3 млрд теңге аударған Қарағанды облысында қанша адам медициналық сақтандыруға жарна төлеуден босатылғаны мәлім болды Келес ауданының тұрғындарына медициналық сақтандырудың жолдары түсіндірілді

Асхат Бейсенбаев жаңа жүйенің тәртібі мен артықшылықтарын кеңінен сөз етті. Оның айтуынша, ағымдағы жылы жеке кәсіпкерлер жарна төлеуден босатылған. Бірақ жұмыс беруші ретінде өздерінің жалдамалы қызметкерлері үшін аударымдарды төлеуді жалғастыруда.

«Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Заңға сәйкес 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап ЖК жарналары есептеу объектілерінің 5%-ын құрайды. Жеке кәсіпкерлердің жарнасын есептеу объектісі - республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі жалақының 1,4 еселенген мөлшері. Осылайша ЖК 1,4 ЕТЖ-ның 5% төлейді», - дейді филиал директоры.

Жиында кәсіпкерлер тарапынан жарна төлерде қарастырылған жеңілдіктер мен төлеу мерзімдері және көлемі туралы сауалдар қойылды. Қор өкілінің айтуынша, елімізде міндетті жарнаны төлеуді келесі жылдан бастап мемлекет жүзеге асыратын жеңілдік берілген азаматтар санатына жататын 11 млн азамат бар. Ал, зиянды өндіріс орындарында қызмет ететін адамдар жеңілдік берілген азаматтар санатына кірмейді.

«Алайда, 2017 жылдың 1 шілдесінен бері барлық жұмыс берушілер өз қызметкерлері үшін Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына міндетті жарна аударып отырғанын түсіну керек. Сондықтан, 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап барлық қызметкерлер әлеуметтік медициналық сақтандырудың толыққанды қатысушысы бола отырып, сапалы және қолжетімді медициналық көмекпен қамтамасыз етіледі»,- деді Асхат Бейсенбаев.

Жиын соңында түркістандық кәсіпкерлер келесі жылдан бастап енгізілетін медициналық сақтандыру жүйесінің әрбір азаматтың өз денсаулығына жауапкершілігін арттырады деген ойын білдірді.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT