+7 (701) 759 90 19
USD 448.01 EUR 495.86
RUB 5.64 CNY 63.19
Jańalyqtar

Түркістандық кәсіпкер коронавирусқа қарсы күреске 10 млн теңге бөлді

2020 жылғы 27 наурыз 12:14
Бөлісіңіз:
Түркістандық кәсіпкер коронавирусқа қарсы күреске 10 млн теңге бөлді

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістандық кәсіпкер коронавирусқа қарсы күреске 10 млн теңге бөлді, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Nur Otan» партиясы өңірлік филиалының баспасөз қызметі сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Студенттер, медқызметкерлер: Атырау облысында коронавирустың жаңадан 6 жағдайы анықталды Нұр-Сұлтан қаласында дәрігерлер қонақүйлерге орналастырылды Түркістан облысында төтенше жағдай режимін бұзғандар 5 тәулікке қамалды

«Бүгінде әлем жұртшылығын алаңдатып отырған коронавирус дерті, өкінішке қарай, Қазақстанға да жетті. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елді төтенше жағдай жариялап, індетке қарсы күресті күшейту жөнінде тапсырма берді. Мемлекет тарапынан тиісті жұмыстар атқарылуда. Осы қысылтаяң шақта еліміздің патриот азаматтары жомарттық танытып, халыққа көмектерін тигізуде. Солардың бірі – Сырым Ертаев. «Қайып ата» ЖШС-нің директоры Елбасы үндеуін қолдап, «Біз біргеміз!» акциясы аясында өз қаражаты есебінен арнайы қорға 10 миллион теңге аударды», - делінген ақпаратта.

Белгілі кәсіпкер «Nur Otan» партиясының мүшесі. Ол бұған дейін де бірнеше отбасыға үй салып беріп, қайырымдылығымен танылған азамат.

«Тұтас Қазақстан ауыр індетке қарсы күресіп жатқан сәтте елге көмектесуді азаматтық, перзенттік парызым деп білемін. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өз үндеуінде кәсіпкерлерге маңызды ой тастады. Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы «Біз әрқайсымыз өз міндетімізді жауапкершілікпен орындасақ, бұл қиындықтан тезірек шығамыз» деді. Ендеше әр азамат төтенше жағдайдағы ережені сақтап, ресми өкілдер мен дәрігерлердің ескертпелерін орындағаны жөн. Біз бірігіп, бұл қиындықты да жеңіп шығамыз», – дейді Сырым Ертаев.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT