Түркістандық кәсіпкер ауруханаға екі тыныс алу аппаратын сыйға тартты

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат –Мақтаарал ауданында жергілікті кәсіпкер аудандық Мырзакент және Атакент ауруханаларына құны 1 миллион теңге тұратын 2 жасанды тыныс алу аппаратын сыйға тартты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оттегі концетраторы мен маскасы, мұрын кануласынан тұратын медициналық аппараттар коронавирус індетіне шалдыққан науқас балаларды емдеуде таптырмайтын құралдардың бірі саналады. Бұл аппарат жедел медициналық қызмет көрсетуге арналған.

«Коронавирус инфекциясы асқынған жағдайда адамның өкпесіндегі тыныс алу жолдарын зақымдайды. Науқасқа оттегі жетіспей қиналады. Міне, осындай жағдайда тыныс алу аппаратының маңызы зор. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, жасанды тыныс алу аппараттарының жетіспеушілігінен көптеген елдерде коронавирус індетінен қайтыс болушылардың саны артуда», - дейді Мырзакент ауруханасының бас дәрігері Берік Нағашбекұлы.


Соңғы жаңалықтар