Түркістандық кәсіпкер 75 отбасыға көмек көрсетті

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат –Төлеби ауданында кәсіпкер 75 отбасыға қайырымдылық жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біз біргеміз» акциясы аясында Амангелді Нұров басшылық жасайтын «Бейбарс и К» ЖШС және Қуаныш Ешенқұл қоры мұқтаж және көпбалалы жанұяларға 20 мың теңгеден таратып берді

Әлеуметтік көмекке ие болған отбасылар да қиын-қыстау кезеңде қол ұшын созған демеушілерге ізгі тілектерін айтып, алғыстарын білдірді. Аталған ауданда сондай-ақ, зейнетақы мен 42500 теңгелік әлеуметтік көмекті тұрғындардың үйлеріне жеткізіп беру жұмыстары жүргізілді. Қауіпті індетінің алдын алу мақсатында ұйымдастырылған шараны аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қызметкерлері ұйымдастырды.

Бөлім мамандары әлеуметтік төлемдерді алушы азаматтардың үйлеріне барып, қолма-қол үлестіріп берді. Бұл бастама аудан әкімдігінің бақылауына алынып, әлеуметтік көмек тағайындалған азаматтар қаражаттарына үйінен шықпай-ақ қол жеткізіп отыр.


Соңғы жаңалықтар