+7 (701) 759 90 19
USD 399.67 EUR 452.95
RUB 5.82 CNY 56.36
Jańalyqtar

Түркістандық кәсіпкер 2 млн теңгенің ет өнімдерін елге таратты

2020 жылғы 30 наурыз 10:28
Бөлісіңіз:
Түркістандық кәсіпкер 2 млн теңгенің ет өнімдерін елге таратты

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Елімізде «Nur Otan» партиясының бастамасымен «Біз біргеміз!» акциясы жалғасуда. Коронавирус індетіне қарсы күресті күшейту, көмекке мұқтаж тұрғындарды қолдау мақсатында қолға алынған акцияға жанашыр азаматтар атсалысуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Түркістан облысының кәсіпкері, «Ордабасы құс» ЖШС-нің директоры, бастауыш партия ұйымының төрағасы Мұрат Тағаев та айрықша үлес қосып, 2800 келі күркетауық еті өнімімен демеушілік көрсетті.

«Мемлекет тарапынан қауіпті індетті таратпау, тұрғындардың әл-ауқатын көтеру үшін ауқымды жұмыс атқарылып жатыр. Дегенмен мұндай кезеңде әрбір азамат қолдан келгенше елге көмектесуі керек деп есептеймін. Біз бұл қиындықты бірлік пен тәртіп арқылы жеңеміз», – дейді Мұрат Тағаев.

Іскер азамат күркетауық етінен әзірленген шұжық және өзге де өнімдерді партиялық жобалар аясында тұрмысы төмен тұрғындарға тарату үшін «Біз біргеміз!» акциясының үйлестірушілеріне ұсынды. Жалпы өнімнің құны 2 млн. теңгені құрайды. Партия өкілдері мен волонтерлер, «жасотандықтар» бұл етті аудан, қалаларда тізімдегі отбасыларға апарып бермек.

Ордабасы ауданы, Бадам ауылында орналасқан «Ордабасы құс» ЖШС бүгінде Қазақстанның бірнеше өңірін күркетауық етімен қамтып отыр. Өнім көлемі де ұлғайып келеді. Осы кәсіпорынды басқаратын Мұрат Тағаев бұған дейін де қайырымдылық акцияларына үлес қосып, демеушілігімен танылған. Меценат азамат, «Nur Otan» партиясының мүшесі Мұрат Тағаевқа жұртшылықтың алғысы мол.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT