Түркістандық диқандар бақшалық өнімдерді жинаудан рекорд орнатты

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістандық диқандар бақшалық өнімдерді жинаудан рекорд орнатты. Бұл туралы облыс әкімдігі аппаратының мәжілісінде айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Нұрбек Бадырақовтың айтуынша, биыл өңірде көкөніс, картоп, бақша дақылынан 2,7 млн тонна өнім жиналып, рекордтық көрсеткішке қол жеткізілді. 6,9 мың гектарға тамшылатып суғару әдісін енгізу тапсырмасы беріліп, 92 пайызға (6,4 мың гектар) ендірілген. Облыс бойынша ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы шығарылымы 249 998,2 млн. теңгені құрап, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінің деңгейінен 3,4%-ға жоғары.

Жиында сондай-ақ 8 айдың қорытындысы мен бюджеттің атқарылуы және 9 айда күтілетін болжам туралы деректер тыңдалды. Бұл жөнінде облыстық қаржы және білім басқармаларының басшылары баяндады.

Өз кезегінде аймақ басшысы Жансейіт Түймебаев бюджетті дұрыс жоспарлап, қаржыны уақтылы әрі сапалы игеру қажеттілігін атап өтті. Аталған басқарма басшылары және аудан, қала әкімдеріне жұмысты ширатуды тапсырды. Сондай-ақ ауыл шаруашылығын жетекші салалардың бірі ретінде дамытып, көрсеткіштерді жақсарту, шаруашылықпен айналысатын азаматтарға қолдауды күшейту жөнінде тапсырма берді.

Соңғы жаңалықтар