Түркістандық дәрігерлер ұйқы безі ісігіне ота жасаудың жаңа әдісін меңгерді

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістандық дәрігерлер ұйқы безі ісігіне ота жасаудың жаңа әдісін меңгерді. Сызғанов атындағы ұлттық ғылыми хирургия орталығының директоры Болатбек Баймаханов қаладағы орталық ауруханада 4 операция жасап, тәжірибесімен бөлісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Білікті маман жергілікті дәрігерлердің басын қосып, ауыр оталарды жасаудың қыр-сырын үйретті. Сондай-ақ, қалалық орталық аурухана мен хирургиялық зерттеу орталығы арасында келісім жасалды. Оған сәйкес, түркістандық дәрігерлер аталған орталықта үнемі білімін жетілдіріп отыратын болды. Жақын арада жергілікті хирургтерді тәжірибе алмасу үшін Алматыға жіберу жоспарланып отыр.

Айта кетейік, сала мамандары өз кезегінде Түркістан тұрғындарының ішкі ағза ауруларына жиі ұшырайтынын айтады. Оған майлы, зиян тағамдарды пайдалану басты себеп. Бұған дейін науқастар мұндай операция үшін еліміздің ірі қалаларына баратын болса, енді осындағы қалалық ауруханада жасататын болады.

null

Соңғы жаңалықтар