Түркістандық дәрігерлер ұмыт болған ежелгі босану әдісін жаңғыртпақ

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысының дәрігерлері ұмыт болған ежелгі босану әдісін жаңғыртпақ. Шардара аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері Жанар Оспанова әйелдердің арқанға тартылып отырып босану әдісін қолданысқа енгізіп отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мамандар осы тәсіл арқылы ананың толғағын жеңілдетіп, тез босануына ықпал етуге болатынын айтады. Қазір бұл әдіспен дүниеге сәби әкелетін аналар саны күн санап артып келеді.

«Арқанға тартылып отырып босану бұрынғы аналарымыздың тарихи әдісі болған. Тік тұрған жағдайда және бүйірінде босану - дәлелді медицина негізінде таңдау әдісі және ДДҰ ұсынымы болып табылады. Бұл ҚР ДСМ клиникалық хаттамаға да енгізілген. Медициналық тұрғыдан бұл пайдалы деп саналады. Толғақ қысқанда салмақ күші арқанға түседі. Физиологиялық босанудың барысында тік босану әдісі толғақты жеңілдетіп, баланың басының жеңіл өтуіне жол береді», - дейді Шардара аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері Жанар Оспанова.null

Өңірдегі дәрігерлер босанудың бұл әдісін тіпті шетелдіктер де қолданатынын естіген. Сол себепті, елімізде оған патент алып заңдастырылғанын қалайды. Мұндай тәжірибе әзірге тек Шардара аудандық орталық ауруханасында ғана қолданысқа енгізіліп отыр. Осы күнге дейін арқанның көмегімен үш жүзден астам бала дүниеге келген. Аурухана басшылығы жақын арада суда босану әдісін де енгізуді жоспарлап отыр.

Айта кетейік, қазіргі таңда жүкті әйелдер жалпы дәстүрлі, отырып немесе бүйіріне жатып босану арқылы сәбиін дүниеге әкеледі.

Соңғы жаңалықтар