Түркістандық дәрігерлер салауатты өмір салтын ұстанады

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысы бойынша Қоғамдық денсаулық басқармасының қызметкерлері салауатты өмір салтын ұстануды насихаттап қана қоймай, жұмыс орындарында спортқа бір мезгіл уақыт бөліп отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат аталмыш басқарманың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Дәрігерлер апта сайын мекеменің ауласында дене шынықтырумен айналысады. Адамның басты байлығы – денсаулық. Қазіргі кезде Қазақстан халқының, оның ішінде жастардың денсаулығы төмен деңгейде. Мәселен, әскер қатарына шақырылған жастардың 50 пайызы денсаулықтарына байланысты қорғаныс күштерінің қатарында қызмет атқаруға жарамсыз. Бұл жағдай педагогтар мен дәрігерлерді толғандыруда. Сол себепті салауатты өмір салтын қалыптастыру, кеңінен насихаттау маңызды шаралардың бірі. Салауатты өмір салтын қалыптастыруды жастардан, мектеп оқушыларынан бастау керек. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректері бойынша, денсаулыққа әсер ететін факторлардың 50-60 % өмір тіршілігіне, 20 % - тұқым қуалаушылыққа, 20 % - сыртқы ортаның жағдайына, 8-10 % - дәрігерлік көмектің деңгейіне байланысты. Түркістан облыстық қоғамдық денсаулық басқармасының қызметкерлері «Салауатты өмір салтын сақта!» атты шараны алдағы уақытта да белсенді өткізетін болады.

Соңғы жаңалықтар