Түркістандық дәрігерлер АҚШ-та білім алып жатыр
2021 жылғы 6 желтоқсан 20:01

Түркістандық дәрігерлер АҚШ-та білім алып жатыр

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысының медицина мамандары АҚШ мемлекетінің Харвест қаласында біліктіліктерін арттырып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Дәрігерлер BLS, ACLS, PALS бағдарламалары бойынша жедел медицина нұсқаушыларын даярлау тақырыбында білім алып, ересектер мен балаларға алғашқы көмек көрсету бойынша шеберліктерін шыңдауда.

Америка Құрама Штаттарына аттанған арнайы топ Түркістан, Кентау қалаларынан және Ордабасы, Жетісай аудандарының 11 медициналық қызметкерінен жасақталған.

Оқуда жиналған тәжірибе облыс медицинасының сапасын арттыруға мүмкіншілік береді.

Айта кетейік, мұнан алдында Түркістандық 30 дәрігер Ыстанбұл қаласында біліктілігін арттырып, тәжірибесін шыңдап келген болатын. Бұл тәжірибе алмасу өңірдегі медицина қызметі сапасын арттыруға үлкен мүмкіншілік береді деп күтіліп отыр. Жалпы, биыл Түркістан облысының ауруханалары мен емханаларында еңбек ететін 3000 жуық медицина қызметкері біліктілігін арттырған.


Автор:
Тілші

Jańalyqtar

MURAǴAT