Түркістандық бизнесмен кәсібін 2 сиырмен бастаған

None
None
АҚСУКЕНТ. ҚазАқпарат - Түркістан облысы Сайрам ауданында «Шерзад-1» шаруа қожалығы жұмыс істеп тұр. 2000 жылы негізі қаланған қожалық ірі қара малын өсірумен айналысады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі ұйымдастырған пресс-тур барысында журналистер аталған шаруашылық нысанында болып, атқарылып жатқан жұмыстармен танысты.

Бүгінде қожалықтың меншігіндегі мал басы саны 120-дан асып жығылады. Мекеме басшысы шаруашылық ауқымын тағы да кеңейте түсуді жоспарлап отырғанын айтады.С двух коров начинал дело фермер Туркестанской области

«Мен бұл шаруаны екі сиырмен бастағанмын. Алдымен өсіріп, семіртіп, біреуді екеу ету үшін жас танаға ауыстырдым. Малдың басы құрала түскеннен кейін мемлекеттік бағдарламамен кәсіпкерлерді қолдау бағыты бойынша көмек алдым. Бұл да шаруамның ілгерілеуіне үлкен септігін тигізді. Мал басы санын көбейткім келеді. Бірақ, техника жеткіліксіз, енді мемлекеттік қолдаудың арқасында осы қажеттілікке қол жеткізуді көздеп отырмын», - деді Шухрад Абдукаримов.С двух коров начинал дело фермер Туркестанской области

Қазіргі таңда қожалық сүт өндіруді де қолға алған. Күніне 2 тонна сүт өндіріп, «ФудМастер» АҚ-на өткізіп келеді. Мұнда 80 мен 150 мың теңге аралығындағы жалақымен 7 адам тұрақты жұмыспен қамтылған.С двух коров начинал дело фермер Туркестанской области

«Бүгінде бұл кәсіпкердің атқарып отырған жұмысы - көпшілікке үлгі» дейді аудандық ауыл шаруашылық бөлімінің мамандары.

Мәселен, Зәуре Сансызбаева үйінде 5 сиыр байлап, бағып отыр. Одан күн сайын 70-80 литр сүт алып, дүкендер мен сүт өңдейтін цехтарға өткізеді. Бүгінде шаруа кәсібінің ауқымын кеңейту мақсатында Төлеби ауданынан жер алып, қора соғып мал басы санын көбейтуді жоспарлап отыр.С двух коров начинал дело фермер Туркестанской области

Соңғы жаңалықтар