Түркістандық бағбан арулар мерекесінде 50 мың гүлді сатылымға шығармақ

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысы Қазығұрт ауданында тұратын кәсіпкер 8 наурыз - Халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында 50 мың раушан гүлін сатылымға шығармақ. «Гүл Мансур» ЖШС-нің 1,5 гектар жылыжайында бүгінде «Черная магия» тұқымды раушан гүлі күтіп, бапталуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Гүл өсірумен айналысатын шаруа қожалығы 2013 жылы екі жанұяның бірігуімен құрылған. Жоба кұны - 15 млн теңге. Серіктестіктің меншігінде бүгінде 2,5 гектар егістік жер бар. Оның 1,5 гектары - жылыжай болса, онда «Черная магия» раушан гүлі өсіріледі. Қожалық иесі гүлдерге сұраныс жыл өткен сайын артып келе жатқанын айтады.

«Гүлді алғаш рет 2013 жылы 40 сотық жерге егіп көргенбіз. Нәтижесінде гүлге деген сұранысты байқап, жылыжай көлемін 1,5 гектарға дейін ұлғайттық. 2018 жылы 45 мың дана гүл өсіріліп, ауыл, аудан және облыс көлемінде сатылымға шығардық. Осылайша, біршама табысқа кенелдік. Биыл түсім одан да жақсы болады деген үміттеміз», - дейді қожалық иесі.
null

Айта кетейік, қожалық бүгінде жергілікті 4 адамды жұмыспен қамтып отыр. Маусым кезінде мұндағы жұмысшылар саны 25-ке жететінін айтады ол. Әр қызметкерге 70 мың теңге көлемінде еңбекақы төленеді.

null

Соңғы жаңалықтар