Түркістандық азаматтар көпбалалы анаға 2 бөлмелі үй алып берді

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістанда Сидней Олимпиадасының чемпионы, І дәрежелі «Барыс» орденінің бірінші иегері Бекзат Саттархановтың туған күніне орай «Ұлыстың ұлы күні жасалған игі іс» атты мерекелік шара ұйымдастырылды. «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» жастар қанатының қолдауымен өткен шарада спорттық жарыстар ұйымдастырылып, эстрада жұлдыздары ән шырқады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бекзат Саттарханов атындағы мөлтек ауданда өткен жиында үш мың адамға ас тарқатылып, ауыл ақсақалдары жастарға бата берді. Спорттың таэквондо, бокс, күрес, арқан тартыс сияқты түрлерінен сайыстар өткізілді. Қазақтың ақындық өнерінің саңлақтары Бекарыс Шойбеков пен Мұхтар Ниязов өнер көрсетіп, шараның көркін қыздырды. Танымал әнші Еркін Нұржанов пен өзге де жұлдыздар көпшілік қауымның көңілін көтеріп тастады.

Ең бастысы, ауданның бір топ азаматтары мүгедек санатындағы, көпбалалы Нұргүл Жақып есімді анаға 2 бөлмелі үйдің кілтін табыстады.

Соңғы жаңалықтар