Түркістандық әйел өз үйінде өртеніп кетті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркістан облысында жеке үй өртеніп, 47 жастағы әйелдің денесі табылды, деп хабарлайды Қазақпарат тілшісі ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетіне сілтеме жасап.

«20 қазан күні сағат 00:19-де өртке қарсы қызмет пультіне Түркістан облысы Сайрам ауданы Қасымбет датқа ауылындағы жеке үйдің өртенуі туралы ақпарат келіп түсті. Өртті сөндіруге 18 өрт сөндіруші мен 4 техника жіберілді. Өрттің жалпы аумағы - 120 шаршы метр", - деп хабарлады ҚР ІІМ ТЖ Комитетінің ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов.

Ресми хабарламаға сәйкес, тілсіз жау 01:18-де тоқтатылған және 03:20-да толық сөндірілген.

«Оқиға орнынан 1971 жылы туған әйелдің мәйіті табылды. Болжам бойынша өрт шылым шегуде қауіпсіздікті сақтамаудан тұтанған», - делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар