Түркістандық Ақпантоқпантұрарқожа есімді азаматтың ісі сотта қаралуда

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Елімізде ең ұзақ Ақпантоқпантұрарқожа есімімен танымал түркістандық тұрғын істі болып жатыр. Ол Қылмыстық кодекстің екі бабымен айыпталып, ісі Түркістан қалалық сотында қаралуда , деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Түркістан қалалық сотының баспасөз қызметі хабарлағандай, Ақпантоқпантұрарқожаға қатысты қылмыстық іс сотқа 12 ақпан күні түскен.

«Ақпантоқпантұрарқожа Жәнібеков Қылмыстық кодекстің 189 бабы 3 бөлігі 1 тармағы «Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу» және 385 бабы 1 бөлігі «Жалған құжаттарды, мөртабандарды, мөрлердi, бланкілерді, мемлекеттiк пошта төлемі белгілерін, мемлекеттiк наградаларды қолдан жасау, дайындау немесе өткiзу»  бойынша айыпталуда. Оның ісін судья Арысбай Тілегенов қарауда. Бүгін сотта алғашқы сот тыңдауы өтті», делінген баспасөз қызметінің мәліметінде. 

Яғни, ол қалалық емхананың механигі қызметін атқарып жүріп, өткен жылдың маусым айында сеніп тапсырылған мүлікті аса ірі көлемде талан-таражға салған деп айыпталуда. Емханаға бөлінген  1 млн 200 мың теңгенің жанар-жағармайын мақсатсыз жұмсап жіберген. Сөйтіп, қылмысын жасыру үшін жалған құжаттар дайындапты.

Естеріңізге сала кетейік, Ақпантоқпантұрарқожа Жәнібеков 2013 жылы өзінің ең ұзақ есімімен танымал болған еді. Оның жеке күәлігінің суреті әлеуметтік желілерге тарап кеткені белгілі. 

Соңғы жаңалықтар