Түркістандық 600-ге жуық азамат «Не работа» қаржы пирамидасының құрбаны болған

Фото: None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысында «Не работа» қаржы пирамидасына қатысты қылмыстық іс тергеліп жатыр. Бір жыл ішінде аталған ұйымға 600-ге жуық азамат 80,4 млн теңге аударғаны анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қаржылық мониторинг агенттігінің Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментімен 2 қаржы пирамидасының жолы кесілген.

Анықталған қылмыстық істің біреуі Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментіне тергеу реттілігі бойынша жолданған. Ал, бір іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

«Түркістан облысында «Не работа« деген қаржы пирамидасына қатысты тіркелген қылмыстық іс негізінде тергеп-тексеру амаларды жүргізілуде. Қаржы пирамидасын ойын бизнесі есебінде көрсете отырып, салымшыларға интернет арқылы пайда табуды ұсынған. М. есімді азаматтың банк есеп-шоттарына талдау жүргізіп, нәтижесінде 2019 жылдың 11 қарашасы мен 2021 жылдың 21 қыркүйегі аралығында 586-дан астам жеке тұлғаның 80,4 мнл теңге аударғаны анықталды», - деді Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті Тергеу басқармасының басшысы Жандос Кенжебаев.


Соңғы жаңалықтар