+7 (701) 759 90 19
USD 419.54 EUR 509.2
RUB 5.72 CNY 64.81
Jańalyqtar

Түркістанды түлетуге Шардара мен Жетісай ауданының азаматтары да атсалысуда

2020 жылғы 24 қараша 04:36
Бөлісіңіз:
Түркістанды түлетуге Шардара мен Жетісай ауданының азаматтары да атсалысуда

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістанды түлетуге Шардара мен Жетісай ауданының азаматтары да атсалысуда. Екі ауданның тұрғындары облыс орталығына ағаш көшеттерін отырғызып, маусымдық гүлдер егуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Биыл Түркістан облысының Төле би ауданындағы 21 елді мекенде жолдар жөнделеді Алматыда үшінші теміржол вокзалы салынуы мүмкін «Ауыл – Ел бесігі»: Биыл Қарағанды облысындағы 11 ауылда 19 жоба жүзеге асырылады

Шардара ауданына бөлініп берілген №10 секторда аудан басшысы Қайрат Жолдыбайдың тікелей қатысуымен сенбілік ұйымдастырылып, 2,5 гектар жерге 2500 ағаш отырғызылған.

Сондай-ақ, 40 түп шырша мен 100-ге жуық гүлдің түрі егілген. Көгалдандыру жұмыстарына 150-ге жуық аудан тұрғындары белсенді қатысып, облыс орталығын гүлдендіруге елеулі үлес қосты. Көгалдандыру жұмыстарымен облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев танысып, оң бағасын берген.

Ал, №15 секторға жауапты жетісайлықтар «Túrkistan» автобекеті мен қалаға кіре беріс көпірге дейінгі аймаққа 3500-ге жуық көшет отырғызған. Оның ішінде терек - 2000, қырым шыршасы - 100, қарағаш – 1400 дана.

Көшеттер Жамбыл облысында орналасқан тұқымбақтан жеткізілген. Егілген көшеттерді суару үшін 1700 метрге «тамшылатып суғару» жүйесін жүргізу көзделуде.

Алдағы уақытта қажеттілігіне қарай қосымша көшеттер егу жұмыстары жалғасын табатын болады.

Аталған жұмыстар үшін 30-ға тарта жұмысшы мен қажетті техникалар еңбекке жұмылдырылған.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT