Түркістанды түлетуге кәсіпкерлер де атсалыспақ

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев облыстық, аудандық, қалалық мәслихат депутаттарымен және іскер азаматтармен кездесті. Басқосуда аймақ басшысы облыс орталығын дамыту үшін жасалған жобалар барысымен таныстырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Өңір басшысы Елбасының Түркістанды түлетуге барынша назар аударып, оған республикалық бюджеттен бөлек, еліміздің өзге өңірлерін, ұлттық компаниялар мен бизнес өкілдерін атсалысуға шақырғанын атап өтті.

Жиында Түркі жұртының рухани-мәдени орталығына айналуы тиіс Түркістанның ескі және жаңа келбеті жайындағы фильм көрсетіліп, іскер азаматтарды шаһарды көркейтуде түрлі әлеуметтік нысандар мен ойын-сауық орталықтары сынды халыққа қажетті ғимараттарды салуға шақырды.

«Түркістан қаласының туристік әлеуеті өте жоғары. Өткен жылы 1 миллионнан астам турист келген болса, алдағы уақытта олардың санын көбейту көзделіп отыр. Осы мақсатта қалаға жаңа әуежай, темір жол вокзалы мен автовокзал, сервистік қызмет көрсететін әлеуметтік-мәдени нысандар салып, оларға қажетті инженерлік инфрақұрылымды жүргізу жоспарлануда. Атап айтар болсам, Жаңа әкімшілік-іскерлік орталықта әкімшілік ғимараты, басқармалар мен департаменттер үйі, драма театры, конгресс-холл, филармония, кітапхана, мәдениет сарайы, 500 орындық мешіт, спорт кешені, стадион, жүзу бассейні, Назарбаев зияткерлік мектебі, саябақтар, көпқабатты тұрғын үйлер, мектептер, балабақшалар, көрме орталығы, мұражай, опера және балет театры, ассамблея ғимараты, денсаулық сақтау нысандары және т.б. әлеуметтік-мәдени нысандар құрылыстары мен оларға қажетті инфрақұрылымдар жүргізуіміз керек», - деді Жансейіт Түймебаев.
null

Жаңа қарқынмен, жаңа күшпен жұмыс бастауға құлшыныс білдірген жиынға қатысушылар аймақ басшысын бірауыздан қолдады. Халық қалаулыларының атынан сөз алған облыстық мәслихат хатшысы Қайрат Балабиев Мемлекет басшысының 26 жыл бойы кәсіпкерлерге жәрдем көрсетіп келгенін, ендігі кезекте іскер кәсіпкерлердің елге, мемлекетке қызмет ететін уақыты келгенін айтып өтті.

Қазірдің өзінде кәсіпкер әрі облыстық мәслихаттың депутаты Серікжан Сейітжанов киелі шаһарда «Rixos» бес жұлдызды қонақ үйі сияқты мейманхана салуды бастап кеткен. Ал, түріктің іскер азаматы бес жұлдызды екінші қонақ үйді тұрғызудың жобасын түзіп қойған. Облыстық мәслихаттың хатшысы, кәсіпкер Қайрат Балабиев болса, спорт фитнес орталығын салуды жоспарлап отырғанын жеткізді. Одан бөлек, бірқатар іскер азаматтар өзге де әлеуметтік, мәдени нысандарды салуға ниеттеніп отыр.

null null null null null 

Соңғы жаңалықтар