Түркістанды салуға қанша қаржы бөлінді
«Түркістанды арнайы қаржыландыруға қатысты аңыз өте көп. Толықтай алғанда, біз аяқтағалы отырған бірінші кезеңге 445 млрд теңге жұмсалды. Оның жартысы жеке инвестиция, ал қалған бөлігі - бюджет қаражаты. Бюджет қаражатының барлығы «Нұрлы жер», «Нұрлы жол», «Ауыл – ел бесігі» мемлекеттік бағдарламалары аясында бөлінді. Яғни, барлығы да халық санына сай республикалық бюджеттен теңгерімді бөлу нормативтеріне, қолданыстағы мемлекеттік бағдарламалар аясында болды. Әрине, Президенттің, Үкіметтің тапсырмасымен жүзеге асырылатын жекелеген жобалар да бар», - деді Өмірзақ Шөкеев Орталық коммуникациялар қызметінің көшпелі брифингі барысында.
Сонымен қатар ол еліміздің барлық облыстары Түркістан қаласында бір-бір нысаннан салғандығын атап өтті.
«Бұл жеке арнаулы хаттамаға сай жүзеге асырылды. Осылардың барлығын ескерер болсақ, Түркістан облысын қаржыландыруда шектен шыққан ештеңе де жоқ»,. – деді ол.