Түркістанды дамыту: Аграрлық салаға тартылған 810 млрд теңге 1,3 трлн болып қайтады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысын 10 млрд теңге жұмсау жоспарланған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ауыл шаруашылығы министрінің бірінші орынбасары Айдарбек Сапаров Үкімет отырысында осы ақшаның қалай қайтатынын түсіндірді.

«Тұтастай алғанда, осы инвестициялық жобаларды іске асыру 810 млрд теңге жеке инвестицияларды тартуға және шамамен 16,5 мың жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді. Түркістан қаласының айналасында 11мың гектар азық-түлік белдеуін құру, оның шеңберінде жалпы сомасы 15,0 млрд теңгенің 7 инвестициялық жобасы іске асыру көзделген», -деді вице-министр.

Сонымен қатар, ол кешенді жоспар шеңберінде сүт өндірісін 880 мың тоннаға дейін, ет өндірісін 283 мың тоннаға дейін, көкөніс пен жеміс өндіруді 1 млн 530,9 мың тоннаға дейін жеткізуге болатынын атады. Бұл сәйкесінше сүт өңдеу кәсіпорындарын жүктеуді 60%-дан 80%-ға дейін, ал ет өңдеу зауыттарын жүктеуді 55%- дан 70%-ға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді.

«Нәтижесінде Түркістан облысының ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 1,3 трлн теңгеге дейін жеткізіліп, еңбек өнімділігі 2,5 есе артады», - деді Айдарбек Сапаров.


Соңғы жаңалықтар