Түркістанды әлеуметтік-экономикалық дамытудың кешенді жоспары талқыланды

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістанда ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалық етуімен селекторлық режімде өткен жиында Түркістан қаласында салынатын нысандардың құрылыс барысы талқыланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Құрылысы басталған нысандарға жауапты облыс әкімдері басқосуда жұмыстың барысын айтып өтті. Аймақ басшысы Өмірзақ Шөкеев киелі шаһардағы тарихи-мәдени нысандардың құрылысы мен тұрғын үй мәселесін, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды салу мен жолдардың сапасын жақсарту жайын баяндады. Туризм мен ауыл шаруашылығын және арнайы экономикалық аймақты дамыту барысын сөз етті. Басқосуда Түркістан аймағын 2024 жылға дейін әлеуметтік-экономикалық дамытудың кешенді жоспарының жобасын іске асыруға баса назар аударылды.

Жалпы ұсынылған құжат аясында 55 білім беру, 8 денсаулық сақтау, 13 мәдениет және спорт нысандарын, сондай-ақ 13 мың отбасыға арналған тұрғын үй салу жоспарлануда. Жоба жүзеге асқанда өңірдің экономикалық дамуына жаңа серпін береді және 2017 жылмен салыстырғанда жалпы ішкі өнім 1,7 есе ұлғаяды, сондай-ақ шамамен 10 мыңға жуық жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді деп күтілуде.

Өз кезегінде ҚР Ұлттық экономика министрі Р. Даленов, ҚР Ауыл шаруашылығының бірінші вице-министрі А. Сапаров, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі К. Өскенбаев, ҚР Бірінші қаржы вице-министрі Б. Шолпанқұлов, ҚР Энергетика вице-министрі М. Мирзағалиев, ҚР Білім және ғылым вице-министрі Б. Асылова, ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Қ. Надыров, ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Е. Қожағапанов негізгі бағыттардағы өзгерістер туралы түсініктеме берді.

Соңғы жаңалықтар