Түркістандағы жарылыстан зардап шеккендердің денсаулығы белгілі болды

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістандағы жарылыстан өрт сөндірушілер мен тұрғындардан 10 адам зардап шекті. Бұл туралы облыстық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Басқарманың мәліметінше, зардап шеккендердің 7-еуі өрт сөндірушілер. Олар қалалық орталық ауруханаға жатқызылды. Дәрігерлер науқастардың түрлі деңгейде күйік шалғанын айтады.

«Ауыр жағдаймен жансақтау бөліміне жатқызылғандар жоқ», - деді ведомстводан.

Ал зардап шегушілердің өзгелері – қала тұрғындары. Олар «қан қысымының көтерілуі» және «стресс жағдайы» диагноздарымен түскен. Алғашқы медициналық көмек көрсетілгеннен кейін барлығы үйлеріне қайтарылған.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Түркістан қаласында Саттарханов көшесінде орналасқан «ROYAL GRAND HOTEL» қонақүйінің аумағында жарылыс болды. Мәлім болғандай, қонақүйдің артқы жағында газ цистернасын толтыру барысында газ тасымалдайтын автокөлік жарылған. «Қазіргі таңдағы ақпарат бойынша, қаза болғандар жоқ», - деді облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Нұрғали Жүнісов.




Соңғы жаңалықтар