+7 (701) 759 90 19
USD 389.34 EUR 428.78
RUB 6.05 CNY 55.45
Jańalyqtar

Түркістандағы жарылыс: Нақты қанша адамның жапа шеккені мәлім болды

2019 жылғы 11 қыркүйек 11:25
Бөлісіңіз:
Түркістандағы жарылыс: Нақты қанша адамның жапа шеккені мәлім болды

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Түркістан қаласында орналасқан «Royal Grand» қонақүйінде болған өрт салдарынан зардап шеккендер саны 11 адамға жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Алматыда жанармай бекеті өртеніп жатыр Елордада түнгі клуб өртенді Алматыда балалар Іле Алатауы паркін өртеп жібере жаздады

«10 қыркүйек күні Түркістан қаласында орналасқан «Royal Grand« қонақүйінде орын алған өрт салдарынан барлығы 11 адам зардап шеккен. 6 өрт сөндіру қызметкері медициналық көмекке жүгінген. 3 полиция қызметкері және 2 қала тұрғынына медициналық жәрдем көрсетілген. Орталық қалалық ауруханаға 5 зардап шегуші жеткізілді. Олардың төртеуі жатқызылып, бір азамат қайтарылды. Жарақат бекетіне 3 адам тасымалданды. Оқиға орнында полицейлер мен ТЖҚ қызметкерлері жұмыс жасауда» делінген хабарламада.

Айта кетейік, кеше оқиға салдарынан жапа шекен 10 адамға медициналық көмек көрсетілгенін жазған болатынбыз.

Мәліметке сай, қазіргі таңда Түркістан облысының полицейлері болған оқиғаның толық мән-жайын анықтауда. Сараптамалар тағайындалды. Алдын ала мәлімет бойынша, қонак үй артында газ кұйғыш цистерна болған. Зил автокөлігімен газ толықтыру барысында өрт шығып, соңында жарылған.

«Түркістан қаласында орналасқан «Royal Grand« қонақүйінде өрт шықты. Ең бастысы, адам шығыны жоқ. Тілсіз жаудың орын алуына газ цистернасының жарылуы себеп болған», - дейді облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департамент басшысы Нұрғали Жүнісов.

Алдын ала берілген мәліметтерге сүйенсек, өрт 3 тонналық газ цестернасын толтыру кезінде шыққан. Өрттің көлемі 1400 шаршы метр. Өрт туралы мәлімет 18:05-да түскен. Қонақүй ішінде мейманхана, асхана орналасқан.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT