+7 (701) 759 90 19
USD 383.95 EUR 429.26
RUB 6.16 CNY 55.02
Jańalyqtar

Түркістандағы жалғыз жерасты өткелі жаңартылып, пайдалануға берілді

2019 жылғы 20 қараша 05:00
Бөлісіңіз:
Түркістандағы жалғыз жерасты өткелі жаңартылып, пайдалануға берілді

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістанда жалғыз жерасты өткелі жаңартылып, пайдалануға берілді.

Ұқсас жаңалықтар
Жамбылда биыл 170-тен астам спорт алаңшасы салынуда Ақтөбеліктер мемлекеттік бағдарламалардың арқасында баспаналы болды Таразда тоқсан пәтерлі 9 қабатты екі тұрғын үй пайдалануға берілді

Қала орталығындағы өтпе жолын Жеке кәсіпкер Арыстан Сүлейменов жаңартып, шаһар басшысы Рашид Аюпов бастаған әкімдік қызметкерлері арнайы барып көрді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жерасты өткелі бұған дейін тозығы жетіп, жаңбырлы күндері адамдар ары-бері өте алмайтын. Тіпті, тұрғындар ішіне жиналған суды кешіп өтуге мәжбүр болған еді. Одан бөлек, жарық та, тазалық та қарастырылмаған. Бұл көріністер енді артта қалды. Жаңартылған өткелді көріп шыққан қала басшылығы қазіргі кейіпіне оң бағасын берді.

Үш ай бойы жұмысшылардың күн-түн демей атқарған қызметтерінің арқасында өткел жаңаша кейіпке енген. Онда жаңадан ашылатын дүкендерде 40 шақты адам жұмыспен қамтылады деп күтілуде.

Жауапты мамандардың айтуынша, өткелде күзет, бейнекамера қойылып, тазалық жиі жүргізіледі. Қала әкімі бұл күні жаңадан ашылғалы жатқан қалалық полиция басқармасы жанындағы фронт-офистың құрылыс барысын да аралап көрді. Халықтық кеңсе – полицияның ашықтығы мен қолжетімділігін іс жүзінде қамтамасыз етеді деп күтілуде.

Рашид Абатұлы өз кезегінде басқарма жанындағы қоршауларды алып, келушілерге ыңғайлы жағдай жасауды тапсырды. Жастардың өнерін шыңдап, талантын ашуда өзіндік септігін тигізетін балалар мен жасөспірімдер орталығының жұмысы да әкімнің назарынан тыс қалмады.

Шаһар басшысы орталық қызметкерлерімен кездесу барысында жастарға және олардың идеяларын қолдауға барынша жағдай жасау керектігін баса айтты. Тұрғындарға жайлы әрі қолайлы ортаны қалыптастыруды мақсат еткен қала әкімі, алда мұндай ерекше жобаларды рухани мекенде ширатуды көздеп отыр.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Түркістан облысы, Құрылыс,
Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT