+7 (701) 759 90 19
USD 426.77 EUR 509.95
RUB 5.89 CNY 66.34
Jańalyqtar

Түркістандағы «Ұлы дала орталығы» тағы бір құнды жәдігермен толықты

2021 жылғы 14 мамыр 16:49
Бөлісіңіз:
Түркістандағы «Ұлы дала орталығы» тағы бір құнды жәдігермен толықты

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысына ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Болат Тілепов жұмыс сапарымен келді. Вице-министр сапары барысында Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етіп, сол маңдағы этноауыл мен ботаникалық бақты аралап көрді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
«Керуен сарай» расында пенопластан салынған ба: Шөкеев сынға жауап берді Cемейде 177 жылдық тарихы бар ғимараттың бұзылуына байланысты тергеу жүргізілмек Ауылдағы мәдениет ұйымдарында кадр жетіспейді - Ақтоты Райымқұлова

Шараға Түркістан облыстық мәдениет басқармасының басшысы Әзімхан Қойлыбаев, облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы Дамир Жүнісов және БАҚ өкілдері қатысты. Болат Тілепов «Ұлы дала елі» орталығында «Ұлылардан қалған мұра» атты іс-шараға қатысып, өзінің жеке мұрағатында сақталып келген қазақ ханы Абылайдың Ресей патшайымы Екатерина Алексеевнаға жазған хатының тұпнұсқасын орталық басшылығына салтанатты түрде табыс етті. Жиында сөз алған Болат Анапияұлы рухани астанамыздың күн санап көркейіп, жанданып, қайта түлеп келе жатқаны Елбасымыздың осыдан үш жыл бұрынғы қабылдаған тарихи шешімінің жемісі екенін тілге тиек етті.


«Көне Түркістан шаһары небәрі үш жылдың аралығында адам таңғаларлықтай әсем де, көркі көз тартар шаһарға айналды. Таяуда ғана Түркістан – Түркі елдерінің мәдени астанасы атанып, Қазақ елінің нағыз мәдени, рухани орталығы екенін барша жұртқа паш ете бастады. Соңғы екі жылда қалада 200-ден астам мәдени, рухани, әлеуметтік нысандар бой көтіріп келеді. Осы ретте мен де бүкіл қазақ халқының терең тарихынан сыр шертер жәдігерлердің алтын ұясына айналып отырған «Ұлы дала елі» орталығына жеке мұрағатымда сақталып келген Абылай ханның орыс патшайымы Екатерина Алексеевнаға жазған хатын тапсыруды жөн көрдім», – деді Болат Анапияұлы.


Айта кетейік, «Ұлы дала елі» орталығы Нұрсұлтан Назарбаевтың өткен жылы Түркістан қаласына сапары барысында ашылған болатын. Орталықтың негізгі мақсаты – Елбасымыздың «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласында атап өтілген тарихи құндылықтарды насихаттау. Орталық Қазақ хандығының құрылғанынан бастап, жаңа дәуір дамуына дейінгі әртүрлі тақырыпты ашатын 9 тарихи-заманауи залдан тұрады. Бірінші қабатта Түркістан қаласы түркі халқының рухани астанасы болғандықтан түбі бір түркі халықтарының баға жетпес құндылығы, Күлтегін ескерткішінің үшінші көшірмесі қойылған.

Көне жәдігерлерді аралап көрген вице-министр орталық қызметкерлерінің жұмысына шығармашылық табыс тіледі. Сондай-ақ, ол «Керуен сарай» кешенін, Тұңғыш Президент саябағын, «Алтын Самұрық» театрын, фудкор аймағын аралап көрді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT