Түркістандағы су тасқыны: Облыстық маңызы бар 10-нан аса жол бүлінді

None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат- Түркістан облысындағы су тасқынынан облыстық маңызы бар 10-нан астам автожол зақымдалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Атап айтқанда, Сауран ауданындағы Шорнақ-Қарнақ (КХ-58), Кентау-Ащысай (КХ-56), Кентау-Түркістан әуежай (КХ-61), Бәйдібек ауданындағы Шаян-Мыңбұлақ (КХ-3), Шаян-Ағыбет-Шақпақ (КХ-5), Шаян - Шолаққорған (КХ-2), Созақ ауданындағы Шолаққорған-Шаян (КХ-2), Арыс ауданындағы Шардара-Арыс (КХ-8), Сарыағаш ауданындағы Жылға-Әлімтау (КХ-55), Келес ауданындағы Абай-Бозай (КХ-94) және Бозай-Бекбота бағытындағы (КХ-108) облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының бір бөлігін су шайып кеткен.

«Қазіргі таңда, Түркістан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы және «Оңтүстік жолдары» МКК тарапынан зақымдалған жолдарды қалпына келтіру жұмыстары басталып, жолдарға қажетті материалдар жеткізілуде. Қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде»-делінген облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы хабарламасында.


Фото: Түркістан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы


Соңғы жаңалықтар