Түркістандағы сакура ағаштары гүлдеп жатыр

None
Ашық көздерден алынған фото
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістанда сакура ағаштары гүлдеп, қала көшелеріне сән кіргізе бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Түркістан қаласының көшелерінде отырғызылған сакура ағаштары биыл жылдағыдан кеш гүл ашты. Мұны мамандар күннің жылынуының ұзаққа созылуымен байланыстырып отыр. Дегенмен, наурыз айының соңынан бастап гүл аша бастаған сәндік ағаштар бүгінде қалаға көрік беріп тұр. Әсіресе, жаңа қала аумағы мен Қ. Ясауи кесенесінің маңайында және аллеяларда өсіп тұрған сакураларға таңданыспен қараушылар көп.

«Негізінен сакура ағаштарының гүлдеуі наурыз айының басынан, мамыр айына дейін жалғасады. Биыл күннің жылынуы кеш болғандықтан, гүлдеу кезеңі сәуір айында басталды. Қазіргі таңда сакурамен бірге, өзге де жеміс ағаштарының гүл ашуы қатар жүріп жатыр. Көгалдандыру саласында қызмет етіп жүрген мамандар тыңайтқыштармен және химиялық препараттармен өңдеу жұмыстарын тұрақты түрде жүргізіп келеді», - делінген Түркістан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі тараптқан ақпаратта.


Соңғы жаңалықтар