Түркістандағы психоневрологиялық диспансерде өкпе ауруына шалдыққандар саны 65 адамға жетті

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қаласындағы психоневрологиялық диспансерден өкпе құрт ауруына шалдыққандар саны 65 адамға жетті. Тағы төрт науқас қосымша тексерулер нәтижесінде анықталған. 24-і дерттің ашық түрімен ауыратыны анықталды. Бұл туралы бүгін облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мұқан Егізбаев мәлімдеді , - деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.

«65 науқастың 50-і - ауруды жаңадан жұқтырғандар. Қазіргі таңда олардың барлығы  облыс аумағындағы емдеу мекемелеріне жіберілген. Атап айтқанда облыстық және Сарыағаш, Арыс аудандық туберкулезге қарсы диспансерлерге  ауыстырылды. Басым көпшілігі, яғни 56 науқас, Арыс ауданындағы емдеу мекемесіне жатқызылған. Бұдан бөлек диспансердегі тағы  75 ауру күдікті ретінде Сарыағаш ауданындағы диспансерге жіберілді.   Орталықтағы өзге науқастар  түгел медициналық тексеруден өткізіліп жатыр. Бұл жұмыстар ары қарай жалғаса береді», - деді Егізбаев.

Басқарма басшысының сөзінше, Түркістандағы арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығындағы науқастар жаппай дертке шалдыққан соң басқа да осындай 6 емдеу мекемесі мен интернаттағы 1140  науқас медициналық тексеруден өткізілген. Нәтижесінде Көксәйек мүгедек балалар интернатынан  7 баланың және облыс орталығындағы мүгедектерге арналған интернаттан 2 науқастың өкпе құрт ауруына шалдыққаны белгілі болды. Қазір оларға да тиісті ем-дом шаралары жүргізілуде.

null 

«Қазіргі таңда 793 науқас пен 300-ден астам медициналық қызметкер тексеруден өткізілді.  Күдік туғызған науқастар флюродан кейін рентгеннен өткізілуде. Сондай-ақ, тағы да білім беру басқармасына қарасты 22 интернат бар екен. Олар кезең-кезеңімен түгелдей тексеруден өткізілетін болады. Осындай  ауруларды ары қарай болдырмас үшін бүгіннен бастап 22 нысан тексеруден өткізіледі», - деді басқарма басшысы.

«Осы оқиға бойынша үш комиссия тексеру жүргіздік. Соның қорытындысы бойынша бес қызметкерге шара қолданды. Түркістандағы туберкулезге қарсы мекеменің бас дәрігері жұмыстан босатылды. Сол орталықтағы үш дәрігер қызметінен босатылды. Одан бөлек Түркістан қаласындағы емхананың бас дәрігері жұмыстан босатылды. Біз қазіргі таңда осындай жаппай ауруға шалдығу мәселесі туындамас үшін мұндай мекемелерді басқарма қарамағына өткізу үшін министрлікке хат жазып жатырыз»,-деді М.Егізбаев.

null

Соңғы жаңалықтар