+7 (701) 759 90 19
USD 378.36 EUR 411.92
RUB 5.76 CNY 53.92
Jańalyqtar

Түркістандағы перинаталдық орталық маңызды медициналық құралмен жабдықталды

2020 жылғы 23 қаңтар 19:58
Бөлісіңіз:
Түркістандағы перинаталдық орталық маңызды медициналық құралмен жабдықталды

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысындағы №3-ші перинаталдық орталығы жаңа туған нәрестелердің өмірі үшін маңызды медициналық құрал-жабдықпен қамтылды.

Ұқсас жаңалықтар
Атырауда әскерилер 50 литр қан тапсырды Қарағанды облысының медициналық ұйымдары QR-кодтармен белгіленді Жаркентте коронавирусқа байланысты дайындалған орындар ауысатын болды -  әкімдік

Аталған жабдық мұқият және өте дәл мөлшерлемемен баланың дене қызуын төмендете алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Терапевттік гипотермияға арналған TecoTerm Neo және электроэнцефалография аппараттары жүйке жүйесінің зақымдануымен туған сәбилерге өмірлерінің алғашқы сәттерінде гипотермиялық емдік шара жасайды. Қан айналымын жақсартып, сәбилердің бас миы жасушаларының немесе зақымданған бөліктерінің қалпына келуін бақылауға мүмкіндік береді.


Небәрі 6 келі болатын жабдықтың құны 27 миллион теңге тұрады. Германияда шығарылған медициналық жабдықты перзентханаға «АЯЛА» қайырымдылық қоры Қазақстан халық банкі АҚ қаржылай қолдауымен табыстап отыр. Қор бұл медициналық жабдық өңірде гипоксияның ауыр түрлерімен байланысты сәбилер өлімін төмендетуге көмектесетініне сенімді.


Бүгінде терапевттік гипотермия - нәрестелердің бас миын қорғаудың әлемде мойындалған дәрі-дәрмекті қолданусыз, негізгі физикалық әдісі ретінде қаралады. Әсіресе шала туылған нәрестелерді күтуде аса маңызды.

«Сәбилер өлімін және мүгедектігін қысқарту жөніндегі жобаларды іске асыру біздің қор жұмысының негізгі басымдығы болып табылады. Бұл жабдық Түркістан облысындағы сәбилердің тіршілікке қабілеттілігін және бала туу көрсеткіштерін жақсартуға көмектесетініне сеніміміз мол», - дейді аталған қордың президенті Айдан Сүлейменова.


Айта кетейік, Түркістан облыстық №3-ші перинаталдық орталығы 225 науқасқа лайықталған. Өңірде нәрестелердің дүниеге келу көрсеткіші жыл сайын артып келеді. Мәселен, былтыр дәл осы перзентханада 8 мыңға жуық сәби өмірге келген болса, оларда 38-і ауыр асфикция диагнозы анықталған. Сондықтан гипотермия сияқты жабдықтың болуы сапалы көмек көрсету үшін өте маңызды. Өз кезегінде перзентхананың дәрігерлері өз тараптарынан жаңашылдыққа қызуғышылық танытып, Корея, Литва, Ресей мемлекеттерінде біліктілік арттырған. Жаңа туған нәрестелерге сапалы ем көрсету мақсатында реанимациялық палаталарда емдеу – профилактикалық музыкотерапиясы ұйымдастырылған. Жансақтау бөлімдері арнайы кенгуру креслоларымен жабдықталған. Жалпы, өңірде өткен жылы 55 мыңнан астам сәби дүниеге келген.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT