Түркістандағы құрылыста отандық материалдарды пайдалану керек - министр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Түркістан қаласында нысандардың құрылысында Қазақстанда өндірілген құрылыс материалдарын пайдалануды қадағалау керек.

Бүгін Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – Қаржы министрі Әлихан Смайылов осылай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ағымдағы жылдың шілдесінде мемлекеттік сатып алу веб-порталында тапсырыс берушілер мен өнім берушілерге тауарлардың шығуы туралы сертификаттарды, оның ішінде СТ-KZ сертификаттарын енгізбей актіге қол қоюға мүмкіндік бермейтін форматтық-логистикалық бақылау орнатылған. Бұл мемлекеттік сатып алулардағы жергілікті қамту бойынша объективті көріністі айқындауға мүмкіндік береді және мониторингті жеңілдетеді», - деді Ә.Смайылов.

Үкімет басшысының бірінші орынбасары 2019 жылдың басынан Мемлекеттік сатып алу туралы заңға өзгерістер енгізілгенін еске салды. Енді Президенттің тапсырмасы бойынша Үкіметпен мемлекеттік сатып алуды бір көзден орындайтын тұлғалар белгілену мүмкін. Бұл норма ұлттық режімнен алу мақсатында қолдануы мүмкін.

«Осы норманың аясында Түркістан қаласында нысандардың құрылысы жүріп жатыр. Бұл ретте Үкімет қаулысымен анықталған 145 тұлға қазақстандық компания болып саналады. Әкімдіктер бұл тұлғалардың Қазақстанда өндірілген құрылыс материалдарын қолдануын қадағалау керек», - деді ол.



Соңғы жаңалықтар