Түркістандағы құрылыс алаңдарында сақтық шаралары қатаң қадағалануы тиіс – Өмірзақ Шөкеев

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Түркістан қаласындағы әкімшілік-іскерлік орталығы аумағында бой көтерген тұрғын үйлер мен жаңадан салынып жатқан ғимараттардың құрылыс барысымен танысты. Сәулетті нысандар маңын абаттандыру жұмыстарының барысын бақылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аймақ басшысы облыс орталығындағы «RIXOS» және Хэмптон қонақ үйлері мен Керуен сарай, кітапхана, Тұңғыш Президент саябағы мен «Әзірет-Сұлтан» қорық мұражайындағы құрылыс алаңдарын аралап көрді. Мұндағы құрылыс жұмыстары бір сәтке де тоқтамақ емес. Бұл ретте Өмірзақ Шөкеев барлық жұмыстар уақытылы әрі санитарлық талапқа сай жүргізілуі тиіс деп ескертті. Өмірзақ Естайұлы бұдан соң қала көшелеріндегі жол жөндеу жұмыстарын да тексерді. Биылғы жылы жол инфрақұрылымын дамыту мақсатында әкімшілік-іскерлік орталығына іргелес орналасқан, яғни инфрақұрылымы толық аяқталған аймақтарда 106,3 шақырымды құрайтын 81 көшеге орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Қазіргі таңда 58 көшеде жұмыс қарқынды жүргізілуде. Облыс орталығының даму қарқыны аймақ басшысының тікелей бақылауында.


Соңғы жаңалықтар