Түркістандағы Күлтөбе қалашығынан алтын әшекейлер табылды

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістандағы Күлтөбе қалашығынан II-III ғасырға тән алтын әшекейлер табылды. Зергерлік бұйымдар ескі қалашықта жүргізіліп жатқан археологиялық қазба жұмыстары кезінде анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қожа Ахмет Ясауи қорық-музейі баспасөз қызметінің мәліметінше, табылған қазынаның ішінде сырғалар мен зергерлік бұйымдардың бірнеше алтын бөлшектері, түрлі моншақтар бар.

Ал Күлтөбедегі Хумдан пештің ішіндегі құланды қыштар арасынан араб баспасынан шыққан көлемі 10х20 см кітап табылған. Кітаптың сақталған қалыңдығы - 1,2 см. Археологтардың айтуынша, кітаптың мұқабасы көк түсті көнмен қапталған. Бірақ сақталуы нашар, парақтары бір-біріне жабысып қалған. Тіпті, ашып қарауға келмейді. Жазуы оқылуға келетін бірінші бетінен «Біз мұндайлардан емеспіз» деген сөйлемнің жобасы анықталған.


Соңғы жаңалықтар