Түркістандағы көшелерді кеңейтіп, жаңа автобустар жүргізу қажет - Өмірзақ Шөкеев

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысында аймақ басшысы Өмірзақ Шөкеевтің төрағалығымен аппараттық мәжіліс өтіп, өңірдегі бірқатар маңызды мәселелер қаралды. Жиында Түркістан қаласының әкімі Әліпбек Өсербаев қаланың құрылысы, мемлекет қажеттілігіне қайтарылатын нысандар және инфрақұрылымдық жүйелер туралы баяндама жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қала әкімінің сөзінше, Түркістанның тазалығын қамтамасыз ету мақсатында негізгі 72 көше бюджет қаражаты есебінен тазаланып келсе, биыл тазаланатын көшелер саны 122-ге көбейген.

«Қала тазалығын қамтамасыз етуге «Түркістан-Жарықтазалық» мекемесінен 164 адам, 36 техника жұмылдырылған. Көлік козғалысы және автокөлік жолдарын реттеу арқылы қала тазалығын қамтамасыз етуге толық мүмкіндігіміз бар. Ағымдағы жылы бұл мақсатта 62 шақырым жол инфрақұрылымын дамыту үшін 5 көше күрделі, ал 27 көше орташа жөндеуден өтті. Қала аумағын көгалдандыру мақсатында өткен жылдың күз айында 46 мың түп ағаш егілді», - деді Әліпбек Өсербаев.

Сондай-ақ, жиында облыстық құрылыс басқармасының басшысы Тоқтар Үсіпәлиев Әкімшілік-іскерлік және рухани-мәдени орталықтардағы атқарылып жатқан құрылыс жұмыстарымен таныстырды. Баяндамаларды тыңдаған облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев тиісті басшыларға бірқатар тапсырмалар берді.

«Түркістан қаласының дамуын басты назарда ұстағанымыз жөн. Саябақтарды суландыру жүйесін жолға қойып, қаланың айналасын көгалдандыруды қолға алу қажет. Ескі каналды және жерасты суын пайдалану бойынша арнайы зерттеу жасап, бір апта көлемінде нақты ұсыныс беруді тапсырамын. Түркістанның жері жайлы, мұнда кез-келген ағаш жайқалып өседі. Сондықтан да, қаланы көркейту, тазалығын сақтау - біз үшін басты орында. Қала айналасындағы «жасыл белдеуді» ұлғайтып, ағаштардың жаңа түрін егуіміз керек. Салынатын нысандардың барлығы дерлік өзінің ортағасырлық келбетін сақтауы тиіс. Қала көшелерін кеңейтіп, жақсы, жаңа автобустар жүргізу қажет», - деді Өмірзақ Шөккев.

Соңғы жаңалықтар