Түркістандағы көлік апаты көктайғақ салдарынан болған- ПД

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Ірі көлік апатынан зардап шеккен 8 адам жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға орнына Түркістан облысы ПД бастығы полиция генерал-майоры Қайрат Далбеков барып, аудандық ауруханаға түскен зардап шеккендердің жағдайымен танысты.

Қазіргі уақытта ауруханада 11 адам бар, оның 8-і жансақтау бөлімінде, бір зардап шеккен адамға ота жасалды.

«Бұл республикалық маңызы бар жол. Жол-көлік оқиғасы көктайғақ салдарынан болды. Сондықтан жүргізушілерге жол жүру ережелерін сақтау, жылдамдықты асырмау, маневр жасау ережелерін бұзбау, бір-біріне құрметпен қарау, жол бойында орналасқан жол белгілеріне назар аудару қажет екендігін ескертеміз», - Қайрат Далбеков.

Еске салсақ, Түркістан облысында бірнеше көлік соқтығысып, 15 адам зардап шеккені туралы бұған дейін хабарлаған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар