Түркістандағы Қазақ-түрік университеті елорда атауының өзгеруін қолдады

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің ұжымы мен студенттері елорда атауының Нұр-Сұлтан болып өзгеруіне қолдау білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шараға университеттің ұстаздары мен шәкірттері, тарихшы-ғалымдар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Жиында университеттің президенті Б. Әбдірасылов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Астана қаласының атауын өзгертуге қатысты өз пікірін білдіріп, оның тарихи шешім екенін атап өтті.

Сондай-ақ ел және Елбасы, елорданың бүгіні мен ертеңі жайлы оқу орнының ардагері, профессор С.Садықов пен доцент Асылы Шенгун сөз сөйлеп, елдің көшін болашаққа бастаған Н.Назарбаевтың сарабдал саясатының жемісі жөнінде баяндама жасады. Жас ұрпақты қазақтың жақсылары салған сара жолдың ізін жалғап, елдің іргесін бекем ұстайтын патриоттық қасиетін мәңгі биік ұстауға шақырды.null

Шара соңы концерттік бағдарламаға ұласып, «Атамекен» ұлт аспаптар фольклорлық ансамблі Құрманғазының «Адай» күйін орындады. Ал Сиғвадолла Ғарифоллаұлы Елбасыға арнауын айтып, «Би сұлтан» би ансамблі «Дала рухы» биін орындады. Университеттің өзге де өнерпаздары патриоттық әндерімен көрермендердің ықыласына бөленді.

null null

Соңғы жаңалықтар