+7 (701) 759 90 19
USD 433.15 EUR 515.06
RUB 5.61 CNY 66.06
Jańalyqtar

Түркістандағы қайғылы оқиға: Арнайы комиссия құрылды

2021 жылғы 27 ақпан 21:32
Бөлісіңіз:
Түркістандағы қайғылы оқиға: Арнайы комиссия құрылды

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан қаласында иістен уланып қаза тапқан отбасыға қатысты арнайы комиссия құрылды. Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің тапсырмасымен аталған отбасыға материалдық көмек көрсетілетін болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін аймақ басшысв Өмірзақ Шөкеев пен Полиция Департаменті және ТЖД бастығы, Түркістан қаласының әкімі оқиға орнына барды. Облыс әкімі оқиғаның тергеу барысын жеке бақылауына алып, қаза болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтты. Отбасына материалдық көмек көрсетуді тапсырды.
«Зардап шеккен отбасына қажетті психологиялық және материалдық көмек көрсетіледі. Мәселе менің жеке бақылауымда. Мен қайтыс болған отбасының туыстары мен жақындарына шын жүректен көңіл айтамын», - деді Өмірзақ Шөкеев.
Төтенше жағдай департаментіне қалалар мен аудандардың әкімдіктерімен бірлесіп, барлық жерде жылыту жүйелерін тексеруді және жылыту жүйелерімен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік шараларын сақтау бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту тапсырылды.
Қайғылы оқиғаның мән-жайын анықтау үшін облыс әкімінің бірінші орынбасары Арман Жетпісбаевтың басшылығымен арнайы комиссия құрылды.
Айта кетейік, бүгін Түркістан қаласындағы жеке тұрғын үйде 5 адамның мәйіті табылды. Белгілі болғандай көз жұмғандар 1980 жылы туған анасы мен 2004, 2006, 2013, 2016 жылы туған балалары екені анықталды. Ал, отағасы оқиға болған кезде емделу мақсатында Шымкент қаласында болған.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT