Түркістандағы емханалар электронды жүйеге көшті

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан қаласындағы емханалардың жұмысы толықтай электронды жүйеге көшті. Шаһар тұрғындары жаңа жүйені пайдаланып, дәрігерден кеңес алуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Түркістан қалалық емханасы бас дәрігерінің орынбасары Айдана Аяғанованың сөзінше, түркістандықтар жаппай «Дамумед» қосымшасын пайдаланатын болған. Осы қосымша арқылы үйден шықпай-ақ медициналық сараптаманың қорытындысына қол жеткізе алады. Сонымен қатар, медициналық мекемелерге электронды түрде кезекке тұрып, сол арқылы өз дәрігерін үйлеріне шақыртуда.
«Электронды жүйенің арқасында соңғы уақытта емханаға бару 9 адамнан 2 адамға дейін, емханадағы кезек 30 минуттан 20 минутқа дейін қысқарды. Ал, тексеру қорытындыларын алу уақыты екі есеге азайды»,- дейді.
Айта кетейік, Түркістан қалалық емханасы 91 мыңнан астам тұрғынға медициналық көмек көрсетеді. Бүгінде мұндағы жұмыс толықтай электронды жүйеге көшкендіктен, жұмыс барысында қағазбастылық азайған. Медициналық мекеменің қағазға кететін шығыны да 60 пайызға кеміген.
- СҚО-ның Ресеймен шекаралас орналасқан ауылдарына енді отандық телеэфир қолжетімді болмақ
- Оралда соңғы үш күнде 180 адам коронавирус жұқтырды
- Түркістан облысында жол жабылып, тау ортасындағы ауыл қар құрсауында қалып қойды
- Шекарашылар есірткіні контрабандалық жолмен алып өтудің алдын алды
-
Қызылордада науқастардың басым бөлігі коронавирусты қарым-қатынас арқылы жұқтырған
-
Асқар Мамин: Қазіргі кездегі басты міндет – жаппай вакциналауды өткізу
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам