Түркістандағы «Әзірет Сұлтан» қорық-музейіне қарасты тарихи-мәдени орындар қайта жаңғыртылып жатыр

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан қаласындағы «Әзірет Сұлтан» қорық-музейінің 2019-2021 жылдарға арналған үш жылдық даму жоспары қолға алынған болатын. Осыған орай бүгінде тарихи ескерткіштерді қайта жаңғырту жұмыстары мен археологиялық қазба жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазіргі таңда кешенді ғылыми, реставрациялық жұмыстардың нәтижесінде Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің Қабірхана, Қазандық, Үлкен Ақсарай, Қабірхана, Құдықхана бөлмелерін ақтау жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ, Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің күмбезі, Казарма, Рабия Сұлтан Бегім кесенесі, Шығыс моншасы, Жұма мешіті, Дарбаза қақпасы, Хан мешіті, Жеті ата қақпасы, Қылует жер асты мешіттерінде реставрациялау жұмыстары қарқынды жүруде.

XI-XII ғасырдағы 40 мешіттің ішінен қазіргі заманға дейін жеткен жалғыз діни орын Жұма мешітін михрабымен бірге толығымен жаңғырту және ағаш бастырмасын кеңейту жұмыстары да жоспарланған. Ал, мешіттің оңтүстік-шығыс қабырғаларына демонтаж жұмыстары қолға алынатын болады.

XI-XII ғасырға тән Қылует жерасты мешітін қайта жаңғырту барысында ғимараттың негізгі салмақ түсетін құрылымдары мен жерасты құрылысының іргесін кеңейту жұмыстары жасалуда. Сонымен қатар XV ғасырдың тарихи жәдігері ортағасырлық шығыс моншасы мен күмбездің жұқа қабатын, интерьерін реставрациялау, екінші есікті салу және іргелес аумақты абаттандыру жоспарланып отыр.

Казарма сәулеттік ғимаратына 2000 жылдан бері күрделі жөндеу жүргізілмеген болатын. Қазіргі таңда сәулет ескерткішінің шатыры толығымен ауыстырылып жатыр.


Соңғы жаңалықтар