Түркістандағы әкімшілік-іскерлік орталығында құрылыс жұмысы қалыпты жүріп жатыр

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев бірқатар әлеуметтік инфрақұрылымдық жобалардың жүзеге асу барысын бақылады. Облыс орталығындағы құрылыс алаңдарын аралап, әр нысанның сапалы әрі тиісті архитектуралық талапқа сай салу қажеттігін қадап айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аймақ басшысы барлық құрылыс алаңдарында коронавурис індетіне қарсы сақтық шаралары ұйымдастырылып, тиісті жұмыстар өз деңгейінде жүргізілуін тапсырды.

Айта кетейік, әкімшілік-іскерлік орталығында мемлекеттік бюджет есебінен кредиттік 5489 пәтерлі 88 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. 24 үйге жуырда тұрғындар қоныстанады деп жоспарланған. Бұдан бөлек, жеке салымшылар тарапынан салынып жатқан 37 үйдің 31-і жыл соңына дейін тапсырылмақ.


«Түркістан қаласында жүріп жатқан жаңа құрылыстар үнемі назарда болады. Көпқабатты тұрғын үйлердің құрылысы да тоқтамайды. Барлық жұмыстар белгіленген кестеге сәйкес жүргізіліп жатыр. Әрине, әлем жұртшылығын әбігерге салған коронавирус індетінің кедергі келтірген тұстары жоқ емес. Дегенмен, мәселе шешілуде. Құрылыс заттарымен қамтамасыз ету жағы да ретке келтірілді»,-деді Өмірзақ Шөкеев.


Облыс әкімі Түркістан қаласын абаттандыру жұмыстарын да бақылап, көшет отырғызылған көшелерді жаяу аралап шықты. Жаңадан жүзеге асатын дендробақ аумағында болды. Бау-бақша өсірілген ерекше саябақ облыс орталығының іргесінде орналаспақ. Гүлге оранған жасыл аумақта жеміс ағаштары мен жүздеген өсімдік түрлері өсіріледі. 28 гектар алқапты алып жатқан жаңа демалыс орнында ең алдымен суару жүйелері жүзеге асырылады. Дендробақ жасыл желекке оранып, жасанды көл пайда болады.


Соңғы жаңалықтар