Түркістандағы әкімшілік-іскерлік орталығында 7 нысан пайдалануға беріледі

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысында өңір басшысы Өмірзақ Шөкеевтің төрағалығымен аппарат мәжілісі өтті. Жиында облыс орталығын дамыту жұмыстары талқыланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Басқосуда Түркістан қаласын дамыту бойынша қала әкімі Әліпбек Өсербаев баяндады. Оның сөзінше, бүгінгі таңда Б.Саттарханов даңғылынан мемлекет мұқтаждығы үшін сатып алынатын 54 кәсіпкерлік нысан анықталған. Олардың қажетті құжаттары жинақталып, бағалау жұмыстарын жүргізуге ұсынылған.

«Оның ішінде 48-не бағалау қорытындысы алынып, 38 нысан босатылды. Сонымен қатар, Саттарханов даңғылын күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу барысында мемлекеттік мұқтаждыққа алынатын 3 кәсіпкерлік нысан анықталып, бағалау жұмыстары жүргізілді. Бұзу жұмыстары 16 мамырға дейін толық аяқталады», - деді қала әкімі.

Өз кезегінде аймақ басшысыаталған даңғыл бойынан саябақ салып, абаттандыру жұмыстарын жүргізу қажеттігін тапсырды. Сондай-ақ, қаладағы сауда орындарын реттеп, каналдардың құрылысын тездетуді жүктеді. Бұдан өзге, ескі қаладағы сүрілетін нысандардың иелерімен түсіндірме жұмыстарын жеделдетіп, жұмысты қарқындатуды айтты.

Жиында сондай-ақ, облыстық құрылыс басқармасының басшысы Т.Үсіпәлиев қаладағы құрылыс жұмыстарын баяндады.

«Бүгінгі таңда,Әкімшілік-іскерлік орталығында 17 нысан салынуда. Биыл 7 нысан пайдалануға беріледі. Атап айтсақ, облыс әкімдігі, Астана алаңы, Медиа орталық, Олимпиадалық резервтегі спорт мектебі, саябақ, музыкалық мектеп, халыққа қызмет көрсету орталығы», - деді басқарма басшысы.

Соңғы жаңалықтар