Түркістанда жылыту маусымына дайындық қалай жүріп жатыр

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан қаласында жылыту маусымына дайындық жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Облыс орталығындағы осы уақытқа дейін қатты отынмен жұмыс істеп келген қуаты 40 Гкал болатын қазандықты табиғи газға ауыстыру жұмыстары аяқталуға жақын, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қаладағы қазандықта қазір монтаждау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қазандық 1 қазанға дейін пайдалануға беріледі деп жоспарланған.

Облыстық энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық басқармасының мәліметінше, өңірде 2020-2021 жылғы жылыту маусымына дайындық жұмыстары жоспарға сай жүргізілуде.


Жылыту маусымына дейін Отырар мөлтек ауданындағы №2-ші қазандықты кеңейтіледі және әкімшілік іскерлік орталықта бой көтеріп жатқан тұрғын үйлерге жылу беретін 5 жеке қазандық орнатылмақ.


Сондай-ақ, жылу жүйесін жүргізу жұмыстарын аяқтау көзделген. Бұдан бөлек, аймақ басшысы Өмірзақ Шөкеевтің тапсырмасы бойынша тұрғындар арасында үйлер мен өзге де нысандарды табиғи газға көшірудің тиімділігі жөнінде түсіндірме жұмысы жүргізілуде.


Соңғы жаңалықтар